423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде медицина студенттері КВИ жұққан жандарға көмекке келуге дайын

  • 142
  • UPD: 08:23, 22.10.2020
Ақтөбеде медицина студенттері КВИ жұққан жандарға көмекке келуге дайын

Ақтөбеде жергілікті медициналық колледждің 500-ге жуық студенті коронавирус инфекциясын жұқтырған жандарға көмекке келуге әзір. Өңірде эпидемиологиялық ахуал ушыққан жағдайда білім ордасының ұстаздары да емханалардан  табыламыз деп отыр. Қазір облыста қауіпті кеселдің екінші толқынына әзірлік қауырт. Ақтөбенің өзінде науқастарды қабылдайтын 3 стационарлық аурухана даярланған. Қажет болса провизорлық орталықтарға медициналық білім беру ордаларының студенттері де жұмылдырылады. Тыныс алуы тарылған азаматтарға тиісті көмек көрсету әдісі  қазір колледжде күнділікті сабақ кестесіне енгізілді.  Айта кетейік,  қатерлі ауру дендеген кезеңде аталған білім ордасының 77 студенті провизорлық орталықтарда еңбек еткен болатын.

Зәмзия Әлипова,  медициналық колледж директорының орынбасары:

- КОВИД-19 негізінен бірден бір тыныс жетіспеушілігі симптомымен білінеді. Сол кезде біздер студенттерге міндетті түрде жедел жүрек-өкпе реанимациясы және тыныс жетіспеушілігі кезіндегі алғашқы клиникалық белгілері мен жедел көмек. Фельдшерлерге біз үлкен көңіл бөлдік. Ал мейірбикелерге осы ковид-19 кезіндегі күтім. Біз соған көңіл бөлдік. Факультатив сағаты деуге болады. Қосымша сағаттар, яғни, семминарлар ұйымдастырдық осы ковид-19 пандемиясын алдын алу және болған күннен кейінгі күтім туралы.

Хабар 24 телеарнасы