425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында туризмді дамытуға ден қойылды

  • 191
  • UPD: 09:24, 23.10.2020
Түркістан облысында туризмді дамытуға ден қойылды

Түркістан облысында туризмді дамытуға жеке инвесторлар 320 млрд теңге бөлген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған халықаралық әуежай, бес жұлдызды қонақүйлер мен түрлі кешендер салынып жатыр. Инвесторлардың қаржысына барлығы 30-дан астам жобаны жүзеге асыру жоспарлаған. Қазіргі таңда олардың кейбірі дайын. Бұл туралы өңірдегі тарихи нысандарды журналистерге таныстыруға арналған жиында облыстық әкімдік қызметкерлері мәлімдеді. Делегация алдымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып, киелі орынға тәу етті. Одан кейін Қарнақ ауылындағы бір кездері Тайқазанның құйылған жерді көріп, орнымен танысты. Сонымен қатар жақын болашақта ашық аспан астындағы мұражайға айналатын Күлтөбе қонысын аралап көрді. Қазір ол жерде археологиялық қазбалар жүргізіліп жатыр.

Мейіржан Мырзалиев, облыс әкімінің орынбасары:

- Жалпы Түркістан облысында 1664 тарихи-мәдени жәдігерлер бар. Туризм нысандарын біз әрдайым насихаттаймыз. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне келушілердің саны пандемияға дейін 1 ммллионнан астам болса, біз туристердің санын алдағы 5 жылдың ішінде 5 млн-ға дейін жеткізсек деген жоспарымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы