424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде Мercedes маркалы көлік патрульдік көлікпен соқтығысты

  • 165
Өскеменде Мercedes маркалы көлік патрульдік көлікпен соқтығысты ШҚО ПД

Автокөлік апаты кеше, 22 қазан күні, сағат 19:25-те болған.

Салдарынан үш бірдей автокөлік зиян шекті. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінде Мercedes маркалы көліктің 37 жастағы жүргізушісі Бажов көшесі арқылы Элеватор көшесінде келе жатады. Назарбаев даңғылына қарай беттеп жатқанда ол ШҚО ПД патрульдік полицияның қызметтік көлігіне жол бермеген.

Бажова көшесіне қарай жүріп бара жатқан ақ түсті Niva жолдың оң жағынан келіп, соққыдан сол жаққа ұшып кетіп, сол жолда келе жатқан ВАЗ 21144 маркалы көлікпен соқтығысады.

– Жол-көлік оқиғасының салдарынан патрульдік көліктегі жолаушы – ШҚО ПД қызметкері дене жарақаттарымен медициналыө бөлімшеге түсті, – деп қосады ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Хабар 24 телеарнасы