425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда нан қымбаттады

  • 206
  • UPD: 21:00, 26.10.2020

Таразда нан бағасы бірден 10 теңгеге қымбаттады. Қазір ас атасы дүкендерде 95 теңгеден сатылып жатыр.

Жергілікті әкімдіктің айтуынша, наубайхана қожайындары бағаны заңсыз көтерген. Кәсіпкерлермен бұған дейін нан құнын өсірмеу туралы келісім болған көрінеді. Алайда қаладағы ірі алты наубайхананың бесеуі нан бағасын бір күнде өсіріп отыр. Кәсіп иелері әлеуметтік нан бағасының өсуін ұнның қымбаттауымен байланыстырады. Олардың айтуынша шикізат құны жылдағыдан 30 процентке көтерілген. Ал әкімдік өкілдері бағаны өсірмес үшін қордан 3 ай бойы арзан ұн бөлініп келді дейді. Қазір қоймаларда 20 күнге ғана жететін ұн қалыпты. 

Берік Нығмашев, облыс әкімінің орынбасары:

- Нан бағасын қайтадан қалпына келтіреміз. Оған қоса антимонопольный органдар да кірісті бұл мәселеге. Тиісті салық департаменті, барлықтары кірісіп жұмыс тобы құрылды. Өйткені бір уақытта барлығы бірге көтеруге болмайды заң бойынша.

- Баға бәрібір өсе ме?

-Енді ол бидайдың бағасына байланысты ғой. Міндетті түрде шара қолданады. Өйткені өткен жылы да жаңағы монополия комитеті мен жергілікті жердегі олар тиісті айыппұлдар берген.

Хабар 24 телеарнасы