424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда мас көлік жүргізушілер ұсталды

  • 186
  • UPD: 11:18, 27.10.2020
Павлодарда мас көлік жүргізушілер ұсталды

Павлодарлық полицейлер мас күйінде көлік тізгіндеген екі жүргізушіні ұстады.

Ішімдік ішіп, рөлге отырғандардың бірі – 50 жастағы азамат. Ал екінші 30 жастағы мас жүргізуші тіпті полицияның талаптарына бағынбай, бірнеше бағдаршамның қызыл түсінен өткен. Жолдастары кілтін алып кеткенімен, ол темір тұлпарының терезесін сындырып кіріп, көлігімен Семейге дейін жетпек болыпты. Тәртіпке бағынбаған қос азамат 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамалды.

Хабар 24 телеарнасы