422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ға әуе рейстерінің саны қысқарады

  • 211
  • UPD: 17:27, 30.10.2020
ШҚО-ға әуе рейстерінің саны қысқарады 7kun.kz

2 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысы мен өзге өңірлердің арасында қатынайтын пойыз саны азаяды.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан-Өскемен бағытында аптасына 3 жолаушы пойызы қатынаса, енді біреуі ғана жүреді. Алматы-Өскемен арасындағы пойыздар саны 7-ден үшке қысқарады. Сондай-ақ ұшақ рейстерінің де саны азаяды. Дүйсенбіден бастап елорда мен Өскемен арасындағы 17 рейстің тек жетеуі ғана қатынайды. Алматы мен Өскемен бағытындағы ұшақ саны екі есе азаяды. Шымкент пен Шығыс Қазақстан облысының орталығын жалғайтын екі әуе рейсінің енді біреуі ғана ұшады.

Бұған қоса Шығыс Қазақстаннан өзге өңірлерге теміржол немесе әуе қатынасы арқылы шығатындар міндетті түрде ПТР тест сынамасының қорытындысын алуы керек.

Вице-премьер ШҚО-да бірқатар шектеу шараларын қабылдауды тапсырды

Хабар 24 телеарнасы