423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавл қайта карантинге жабылды

  • 218
  • UPD: 11:48, 09.11.2020

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысында халықтың жүріп-түруына шектеу қойылды.

Қауіпті инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін бүгіннен бастап Петропавл маңындағы жолдарға бекеттер орнатылып, қала қайтадан карантинге жабылды.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Қазір біз Бескөл ауылы маңындағы бекетте тұрмыз. Себебі Петропавлмен бірге Қызылжар ауданы да карантин аумағына енді. Түнгі 00-00ден бұл жерде полиция қызметкерлері қайтадан кезекшілік жасап жатыр. Бүгіннен бастап сондай-ақ қалалар мен аудандарға қатынайтын қоғамдық көліктер тоқтады. Яғни барыс-келіске шектеу қойылып отыр. Міне өздеріңіз көріп тұрғандай, шаһарға кез келген адам кіріп-шыға алмайды. Яғни ауданда тұрып, облыс орталығында жұмыс істейтіндерге арнайы анықтама берілген. Тәртіп сақшылары олардың әрқайсысын жіті тексереді. Тек азық-түлік, дәрі-дәрмек тасымалдаушыларға жасыл дәліз ұйымдастырылған. Ал өзге өңірден себепсіз келем дегендердің қолында ПТР тест анықтамасы болуы шарт.

Айта кету қажет, бұл жолы бекеттерде медицина саласының мамандары жоқ.

Өңірде азық-түлік дүкендерінің де жұмыс кестесі қысқартылды. Енді олар таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Тұрғындарға түнгі уақытта бейберекет жүруге болмайды. Санитарлық талаптарды сақтамағандарға айыппұл салынады. Ал сенбі, жексенбі күндері бірқатар нысан жабылып, қалада қоғамдық көлік тоқтайды.

Айдын Байматов, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы:

- Медицина, коммуналдық саласының қызметкерлеріне өтуге болады. Бірақ олардың қолдарында анықтама қағазы болуы қажет. Ол анықтама қағазында қызметкердің аты-жөні жазылып, басшылықтарының қолы, мөрі қойылуы керек. Бүгінгідкке 5 карантиндік бекет құралды. Оның төртеуі Петропавл қаласының кіре берісінде. Бір карантиндік бекет Жезқазған–Петропавл тас жолының 935 шақырымда қойылған. Жалпы бір тәулікте осы бес карантиндік бекетте 60 полиция қызметкері жұмыс атқарады.

Хабар 24 телеарнасы