422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкімет: Зейнетке шығу жасы ұлғайтылмайды

  • 334
  • UPD: 16:03, 09.11.2020
Үкімет: Зейнетке шығу жасы ұлғайтылмайды sputnik.kz

Ел үкіметі зейнетке шығу жасын ұлғайтпайды.

Бұл – «Халық коммунистері» фракциясының зейнетке шығу жасын төмендету туралы депутаттық сауалына берілген жауап. Осылайша «Зейнеткерлік қамтамасыз ету туралы» заңына 2018 жылы енгізілген өзгертулер мен толықтырулар негізге алынды. Еңбек нарығында қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әртүрлі елдердегі демографиялық ахуал да мысалға келтірілді.

Премьер-министр атынан келген жауапта зейнетке шығу жасын ұлғайту туралы мәселе күн тәртібінде жоқ екені де айтылды. Осыған байланысты елде зейнеткерлікке шығу мерзімінің ұлғаюы мүмкін екені туралы кейбір ақпараттар шындыққа жанаспайды.

Хабар 24 телеарнасы