425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Букмекерлердің ісі: 12 қызметкерге ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деген айып тағылды

  • 85
Букмекерлердің ісі: 12 қызметкерге ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деген айып тағылды

Алматының Алмалы аудандық сотында үш букмекерлік компанияның қожайындары мен қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұлар – «Олимп KZ букмекерлік кеңсесі», «Alpha bet» және «Onlybet» компаниялары. Сондай-ақ осы компаниялардың 12 қызметкеріне ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деген айып тағылған. Қылмыстық топ мүліктерді заңдастырып, салықтан жалтарып келген. «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты қылмыстық істі былтыр желтоқсан айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті қозғаған болатын. Нәтижесінде ірі көлемдегі қаражатты елден шығарудың жолы кесіліп, осы компаниялар мен олардың қызметкерлерінің үстінен екі іс қозғалды. «Alpha bet» пен «Onlybet-ке» 3,2 миллион теңге айыппұл салынып, алты айға лицензиясы тоқтатылған. Ал екіншісі қылмыстық іс бойынша 12 қызметкер және үш компанияның да құрылтайшылары заң алдында жауап береді.

Хабар 24 телеарнасы