425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Astana media week 2020» онлайн өтіп жатыр

  • 122
  • UPD: 12:54, 11.11.2020
Елордада «Astana media week 2020» онлайн өтіп жатыр

Елордада «Astana Media Week 2020» онлайн форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараның негізгі мақсаты – отандық медиа-саланы дамыту, индустриядағы іскерлік қарым-қатынасты халықаралық деңгейде ілгерілету.

Медиа-апталық 4 жыл қатарынан әлемнің әр елінен жетекші сарапшылардың басын қосып келеді. Биыл ұйымдастырушылардың назары медиа-саланың алдағы уақыттағы жұмыс бағытын құру мәселесіне ауып отыр.

Басты тақырыптар: медиа-контентті тұтынудағы жаһандық трендтер; пандемия және БАҚ деген сенімнің өсуі немесе азаюы; жаңа жағдайдағы редакциялардың жұмысы; медиа-кеңістіктің жаңа көшбасшылары.

Айта кеткен жөн, дәстүрлі шара 13 қарашаға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы