422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да мүгедектерді күтушілердің төлемақысы аз

  • 110
  • UPD: 14:37, 11.11.2020
БҚО-да мүгедектерді күтушілердің төлемақысы аз

БҚО-да І топ мүгедектерінің кейбірі жеке күтушілеріне төлемақы аз беріліп жатқанын жеткізді.

Айтуларынша, жүріп-тұруына жәрдем беретін жандар әрдайым қастарында болғанымен, оларға күніне тек 4 сағат еңбек уақыты жазылады екен. Ал кей мүгедектердің күтушілеріне 8 сағаттан есептеледі. Кембағал жандар төлемнің әркімге әрқалай төленетініне қапалы. Мәселен, бүйрегі ауыратын ауылдағы науқастар күнара Оралдағы гемодиализ орталығынан ем алып кетуі тиіс. Ал облыстың оңтүстігіндегі аудандардан қалаға қатынау үшін жолға кемінде 3-4 сағат кетеді. Мүгедектердің көмекшілері сапарға бірге шыққанымен, мұндай жайттар еңбек уақытын есептеуде ескерілмейді. Аймақтағы тілшіміз қазір мән-жайды анықтап жатыр.

Салауат Жағыпаров, І топ мүгедегі:

– Менің күтушім – өзімнің жұбайым. Үнемі қасымда болуы керек. Неге десеңіз, маған қиындау. Қан қысымым көтеріліп кетеді. Арасында түсіп кетеді. Сол қиын. Талып қаламын. Жолақы да қымбат. Екі кісі болып барып келуіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы