423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде жылу ақысының не себепті көбейгені белгілі болды

  • 146
Семейде жылу ақысының не себепті көбейгені белгілі болды

Семейде жылумен жабдықтау мекемесінің мамандары төлемақының өсіміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл жылу маусымы ерте басталып, қыркүйектің соңында беріле бастаған. Сондықтан жылу ақысы да көбейіпті. Коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, қала тұрғындары алған шоттарда ешқандай қате жоқ. Мамандар жылу ақысының өспегенін айтады. Бүгінгі күні қалада бір шаршы метр үшін белгіленген тариф 157 теңге 23 тиынды құрайды. Бұған дейін Семей тұрғындары жылумен жабдықтау қызметтері үшін әдеттегіден артық ақша төлегендері үшін наразылық білдірген еді.

Гаухар Жетпісбаева, «Теплокоммунэнерго» МКК басқарма бастығы:

– Қыркүйекте барлық нысан, заңды және жеке тұлға жылуға қосылды. Содан бергі 36 күннің жылу ақысын есептеп бердік. Қарағайлы ықшам ауданы тұрғындарының көтерген мәселесі бойынша да тиісті шаралар қабылдап жатырмыз. Бұған дейін олар есептеу құралының көрсеткіштерін алу және есептеу бойынша қызмет көрсететін ұйыммен уақтылы келісімшарт жасамаған. Сондықтан біз жалпыға ортақ тариф бойынша есептедік. Бүгін олар аталған келісімшартты жасады. Енді есептеу құралындағы көрсеткіш бойынша жылу ақысын төлейтін болады.

Хабар 24 телеарнасы