422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Атырау облысында науқастар чек-парақтар арқылы бақыланады

  • 70
  • UPD: 13:29, 18.11.2020
COVID-19: Атырау облысында науқастар чек-парақтар арқылы бақыланады

Атырау облысында коронавирус жұқтырып, үй жағдайында емделіп жатқан науқастар чек-парақтармен бақыланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мобильді бригада дәрігерлері чек-парақтар арқылы ауру белгілеріне байланысты науқасты ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдай алады. Мұндай шешім науқастың жағдайы күрт нашарлаған жағдайда қосымша аурулардың және адам өміріне қауіп төндіретін факторлар негізінде қабылданады.

Азамат Ерболов, №2 облыстық аурухана директорының орынбасары:

– Коронавирустың симптомсыз түрімен ауырған науқастарда кейбірде ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекция)мен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан СOVID-19 жұқпасының симптомсыз түріне шалдыққан науқастар дәрігердің бақылауында болуы тиіс. Күнделікті дәрігердің бақылауында болуы үшін осы чек-парақ керек болады.

Хабар 24 телеарнасы