425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында казинолардың жұмысы тоқтатылады

  • 61
  • UPD: 19:48, 20.11.2020
Алматы облысында казинолардың жұмысы тоқтатылады

22 қарашадан бастап Алматы облысында барлық казинолардың жұмысы тоқтатылады.

СПА салондары мен қоғамдық моншалар кешкі 22:00-ге дейін, ал қоғамдық тамақтану орталықтары түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Сауда орталықтары жұмыс күндері ғана ашық болады. Адам саны жалпы сыйымдылықтың 30 процентінен аспауы тиіс. Ал демалыс күндері жабылады. Іргелес аудан-қалалардағы қоғамдық көлік жұмысы керісінше түнгі 11-ге дейін жалғасады. Аймақтың бас санитар дәрігері оқушы саны 300-ден аспайтын мектептерге дәстүрлі сабақ жүргізуге рұқсат бермеді. 

Асхат Шарапиев, облыстың бас санитар дәрігерінің орынбасары:

- Біздің облысымызда тек ғана 180-ге толған және сыныпта 15 баладан кезекші сыныптар ғана рұқсат етілген. ШҚО шекаралас жердегі санитарлық бекеттің жұмысы жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы