419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Дюшен ауруына шалдыққан қарағандылық балаға көмектесуді тапсырды

  • 163
  • UPD: 18:44, 24.11.2020
Мемлекет басшысы Дюшен ауруына шалдыққан қарағандылық балаға көмектесуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігіне Дюшен бұлшықет дистрофиясына шалдыққан қарағандылық Аңсар Нұржановқа көмектесуді тапсырды.

Бұл туралы Алексей Цой өзінің «Фейсбуктегі» жеке парақшасына жазды. Ол жазбасында министр Аңсардың анасымен телефон арқылы сөйлескенін және емдеу жолдарын ақылдасқанын атап өткен.

«Сондай-ақ Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы бүгін Аңсардың анасымен кездесіп, алдағы еміне көмектеседі», - деп жазды Алексей Цой.

Хабар 24 телеарнасы