427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Жас ұлан» мектебінің оқушылары марапатталды

  • 239
  • UPD: 16:51, 30.11.2020

Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордадағы «Жас ұлан» мектебінің оқушылары марапатталды.

Олар «Айбын» республикалық әскери-патриоттық сайысында бірінші орын алған. Жеңімпаздарға кубок, грамота және заттай сыйлық тапсырылды. Алтыншы рет ұйымдастырылған сайысқа еліміздің барлық өңірінен 69 мектеп қатысты. Жас сарбаздар командасы 15 ұланнан құрылған.

Карантинге байланысты биыл сайыс онлайн форматта өтті. Яғни жеткіншектер тікелей эфирде қаруды шашып, қайта жинау, алғашқы көмек көрсету, физикалық дайындық, физика, математика бойынша біліктілігін дәлелдеп, жалпы 7 түрлі бағытта үздік деп танылды. Марапаттаудан кейін мектепте Тұңғыш Президент күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Тілеухан Басқожаев, С.Нұрмағанбетов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінің бастығы:

– Конкурс жайлы айтсақ, оның мақсаты – әскери-патриоттық талап негіздерін насихаттау. Конкурс республикалық. Екі ай өткізілді. Негізінен жеті конкурстан тұрады. Біздің балалар өзіміздің іштегі комиссиямен іріктелді. Комиссия мүшелері – мұғалімдер мен әскери командирлер.

Хабар 24 телеарнасы