420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте шектеу шаралары 21 желтоқсанға дейін ұзартылды

  • 123
  • UPD: 22:06, 03.12.2020
Шымкентте шектеу шаралары 21 желтоқсанға дейін ұзартылды

Шымкентте кинотеатрлар ашылады. Бұл туралы қаланың Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында белгілі болды.

Көрермендер саны 30%-тен аспауға тиіс. Кинотеатрлар уақыты таңғы сағат 09:00ден кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал демалыс және мереке күндері жабық болады.

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін шаһардағы барлық кинотеатр 9 ай бойы карантин салдарынан жұмыс істеген жоқ. Жаңа қаулыдағы тағы бір өзгеріс – сенбі күні қаладағы ірі сауда үйлеріндегі ойын-сауық орталықтары мен киім-кешек дүкендері өз ісін жалғастырады. Алайда жексенбі мен мереке күндері жұмыс істемейді. Жалпы мерекелік жиындарға тыйым салынған. Оның ішінде жаңажылдық банкет шараларын өткізуге болмайды. Шымкенттегі шектеу және карантин шаралары 21 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Хабар 24 телеарнасы