429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда блокбекеттер алынады

  • 178
  • UPD: 15:21, 11.12.2020
Петропавлда блокбекеттер алынады

Петропавлда шектеу шаралары жеңілдетілді.

Бұл туралы аймақ басшысы Құмар Ақсақалов брифингте мәлімдеді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

14 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап Петропавлда карантин режимі жеңілдетіледі. 

«Демалыс күндері Петропавлда қоғамдық көлік жұмыс істейді. Облыс ішіндегі автобус қатынасы жанданады. Кітапханалар, мұражайлар мен театрлар қайта ашылады. Діни нысандар жұмыс істей алады», - дейді СҚО әкімі.

500 шаршы метрден асатын сауда-ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес дүкендер тек жексенбіде жұмысын тоқтатады. Бұрын олар демалыс күндері жұмыс істемеген еді.

Хабар 24 телеарнасы