418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда Тәуелсіздік лентасы таныстырылды

  • 115
  • UPD: 15:29, 16.12.2020
Қарағандыда Тәуелсіздік лентасы таныстырылды

Қарағанды қаласының қоғам белсенділері Тәуелсіздік лентасын жасап, оны көпшілікке таныстырды.

Идея авторы – Нұржан Сұршаұлы. Көк байрағымыз түстес лентаның ең төменгі жағында Қазақстанның картасы, одан жоғары Алтын адам бар. Әрі қарай ғұн империясының негізін қалаған Мөде қағанның, хандардың бейнесі салынған. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының және Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың суреті де осында орналасқан. Лентаны кеуденің сол жақ тұсына тағу керек. Жалпы бұл – ұлттық құндылықтарды дәріптейтін 21-інші жоба. Бұған дейін қоғам белсенділері «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясын және қазақ халқының күнтізбесін шығарған еді.  

Нұржан Сұршаұлы, идея авторы:

– Лентаны шығарудағы мақсат-міндет – өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды насихаттау. Бірінші ойға келген дүние: Тәуелсіздіктің бір символы болу керек деп ой қорыттық. Сосын осы символ қандай болу керек деген мағынада ойланып жүріп, лента дұрыс деген тоқтамға келдік. 16 желтоқсан күні лентаны кеудеге тағып шығып, өзіміздің Тәуелсіздігімізге құрмет білдірсек деген ниет туды.

Хабар 24 телеарнасы