Бүгінгі мерекеде елордадағы халықаралық әуежай іші де Тумен безендірілді.
Сондай-ақ «Астана мюзикл» театрының жастары жолаушыларды музыкалық қойылыммен қуантты. Олар Ұлы Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Тәуелсіздік мерекесіне арналған осындай жоба «Нұрлы жол» вокзалында да жалғасын тапты. «Қазақконцерт» ұйымының әртістері теміржолшы формасын киіп, флешмоб ұйымдастырды. Әсіресе «Атамекен» әнінің шырқалуы келушілерге ерекше әсер сыйлағаны анық.