427,07 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шет елден ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

  • 324
  • UPD: 11:26, 17.12.2020
Шет елден ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

Шет елден ұшып келген қазақстандықтан COVID-19 анықталды.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Кеше ел аумағына 14 халықаралық әуе рейсі қонған. Ондағы 311 адамның ПТР анықтамасы болмаған.  Барлығы Қазақстанға 1500-ге жуық жолаушы шет елден ұшып келген. Олардың дені Ұлыбритания, Нидерланд, Корея, Мысыр, Түркия және Өзбекстан мемлекеттерінен. Анықтамасыз келген азаматтар COVID-19-ға ПТР-тест тапсырып, карантин стационарында талдау нәтижесін күтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы