423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте үшем дүниеге келді

  • 430
  • UPD: 10:00, 20.12.2020
Шымкентте үшем дүниеге келді

Жыл басынан бері Шымкент қаласында алтыншы үшем дүниеге келді.

27 жастағы Гауһар Нарметова үш қызды дүниеге әкелді, деп хабарлады otyrar.kz.

Лейла, Лейсан және Луизу есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Үшемдер қарашаның 25-сі күні 35 апталық кезінде ота тәсілімен туған.

Операцияны орталықтың білікті акушер-гинекологы Сәуле Дүйсенбиева жасады. Нәрестелердің туғандағы салмақтары 1490-2490 грамм болған.

Үшем мен анасы 20 күн бойы қалалық перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауында болып, үйлеріне шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы