421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Депутат: Зейнетақы жинақтарын алу жөніндегі норма өзгеріссіз

  • 293
  • UPD: 23:21, 21.12.2020

Бүгін Сенат отырысында зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу жөніндегі заң кері қайтарылған жоқ.

Керісінше, Мемлекет басшысы ұсынған бұл бастаманы, жоғарғы палата қолдайды. Сенатор Еділ Мамытбеков бүгін бірқатар Бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарияланған ақпаратқа түсініктеме берді. Депутаттың сөзіне сілтеме жасаған кей порталдар зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы ереженің Мәжіліске кері қайтарылғанын хабарлаған еді.

Анығында, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. «Отырыс барысында бұл туралы мүлде әңгіме болмаған», - дейді Еділ Мамытбеков. Азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға қатысты норма өзгеріссіз. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша келер жылдың қаңтарынан беріле бастайды.

Хабар 24 телеарнасы