2020 жылдың қаңтар-қараша айларында автомобиль және қалалық электр көлігімен 3 млрд тонна жүк және багаж тасымалданды. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 7,6% аз, деп хабарлады energyprom.kz.
Қараша айында 312,3 млн тонна жүк пен багаж тасымалданды, бір айда 0,2% және бір жылда 5%-ке аз. Жүк айналымы 144,6 млрд ткм құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,2% аз.
Он бір айдың қорытындысы бойынша автомобиль және қалалық электр көлігімен 8 млрд жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе аз болды. Автобустар 5,6 млрд адамды (бір жылда -65,2%), таксилер 2,4 млрд (-57,7%) адамды тасымалдаған.