421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда ферроқорытпа зауыты мен агломерация фабрикасының құрылысы басталды

  • 130
  • UPD: 21:15, 22.12.2020

«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасына енген жобаны жүзеге асыруға 36,8 миллиард теңге қаржы бөлінген.

Қос кәсіпорын жылына 57 мың тонна ферроқорытпа мен 240 мың тонна агломерат шығаруға қауқарлы. Өндіріс өнімі толықтай сыртқа жөнелтіледі. Зауыт жұмысы толық автоматтандырылған, мұнда 8 мегаваттық 8 пеш жұмыс істейтін болады. Ең бастысы, қоршаған ортаға еш зияны жоқ дейді мамандар. Кәсіпорыннан шығатын газ түгелдей сүзгіден өтіп, өндіріс қалдығы кәдеге жаратылады. Зауыт келесі жылдың желтоқсан айында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Ерлан Нығматулин, кәсіпорын құрылтайшысы:

– Жаңа зауыт өнімдеріндегі қазақстандық үлес 100 процентті құрайды. Ең бастысы, сапасы жоғары, халықаралық стандарт талаптарына төтеп береді. Барлық өнім экспортқа шығарылады. Зауыт құрылысына шамамен 1 мыңнан астам тартылады деген жоспар бар. Ал өндіріс іске қосылғанда 400 отандасымыз тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы