418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл елордада шамамен 3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

  • 115
  • UPD: 20:49, 24.12.2020
Биыл елордада шамамен 3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында шамамен 3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – 8 мың пәтер. Қазір инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үлескерлер мәселесін шешу бағытында осы жылы 20 нысанның құрылысы аяқталды. Желтоқсанның басында құрылысы бақандай 7 жылға созылған «Гарант» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Қалған 22 проблемалық нысанды 2021-2023 жылдар аралығында тапсыру көзделген. Бұл жөнінде Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлім болды. Сонымен биыл елордада 150 аула және 60 қоғамдық орын абаттандырылып, 106 мың жасыл желек егілді. Бірінші және екінші жылу электр орталықтары ішінара газға ауыстырылды. «Көктал» тұрғын алабына баратын газ құбырының құрылысы аяқталды. «Теміржолшылар» тұрғын алабында көгілдір отынды тарату желілері салынды. «Агроқалашықтың» бір бөлігі, «Көктал-1», «Көктал-2» тұрғын үй алаптары аяқталу сатысында тұр. «Күйгенжар», «Мичурин», «Интернациональный» тұрғын үй алаптарын газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы алғанда елорданың тұрғын үй алаптарында 300 шақырымға жуық газ құбыры салынып, 5 мыңнан астам үй газбен қамтамасыз етілді. Енді келесі жылы қосымша 15 мектеп салынады. Премьер-министр қаланың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дамуына қатысты барлық мәселе бес жылдық кезеңге арналған кешенді жоспармен үйлестірілуі тиіс екенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы