418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде екі ай ішінде 150-ден астам кәсіпкер карантин талаптарын бұзған

  • 112
  • UPD: 20:23, 28.12.2020
Семейде екі ай ішінде 150-ден астам кәсіпкер карантин талаптарын бұзған

Арнайы мониторингтік топ жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ шекті уақыттан асып жұмыс істеген мейрамханалар мен бұқаралық іс-шара өткізген сауда үйлеріне 28 миллион теңгеге хаттама толтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал 25 желтоқсаннан бастап қалада ойын-сауық орындарын түнгі уақытта тексеру басталған. Жалпы рейд барысында екі мыңға жуық кәсіпкерлік нысан қамтылыпты.

Маржан Бахыт, «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– Мониторинг топ жұмыстары бесінші қаңтарға дейін күшейді. Жалпы ұжымдық корпоративтік шаралардың жасалмауын бақылау, сонымен қатар жұмыс режиміне, одан кейін басқа да санитарлық ережелердің талаптарын сақтау үшін мониторинг топтар 24 сағат жұмыс жасайтын болады. Басты мақсатымыз – ескерту, егер ережелерге бағынбағандар табылған жағдайда, әрине, ондай кәсіпкерлерге әкімшілік хаттамалар толтыратын болады.

Хабар 24 телеарнасы