420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда монша кешенінен ақша салынған сандықша ұрланды

  • 78
  • UPD: 11:25, 30.12.2020
Нұр-Сұлтанда монша кешенінен ақша салынған сандықша ұрланды Almaty.tv

Монша кешеніндегі ұрлық дерегі туралы полицияға жұмысшылардың бірі хабарлаған.

Ол таңертең терезенің ашық тұрғанын және 150 мың теңге көлемінде ақшаның жоғалғанын байқаған.

Полиция қызметкерлері ұрының үй-жайға терезе арқылы кіргенін анықтады. Ол іштен ақша салынған сандықшаны ұрлап кеткен.

«Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Сарыарқа» ауданы ПБ қызметкерлері  тергеу барысында күдікті тұлғаның жеке  басын анықтады. Осыған дейін аталған монша кешенінде жұмыс істеген. Бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.  Ол ақшаның қай жерде сақталатынын, сондай-ақ бейнекамералардың қай жерде орналасқанын білген. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады», – делінген ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ер адам жасаған іс-әрекетін мойындаған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы