367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы «Салем» қонақ үйінің шатыры отқа оранды

  • 513
  • UPD: 22:39, 13.02.2018
Алматыдағы «Салем» қонақ үйінің шатыры отқа оранды

Алматыда Әуезов ауданында орналасқан «Салем» қонақ үйінің шатыры өртенді.

Төтенше жағдай туралы хабар қалалық ТЖД кезекші пультіне 18:55-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 9 минутта жеткен.

Белгілі болғандай, Момышұлы, 14 «б» мекенжайында орналасқан 3 қабатты ғимараттың мансарда қабаты өртенген. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 19:15-те ауыздықтады. Айта кетейік, төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.

Осы категория бойынша: « Атырауда заңсыз жұмыс істеп жүрген 31 өзбекстандық ұсталды Қызылордада екі тұрғын үйде газдан жарылыс болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы