368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында жұмысшы кәріз құдығында мерт болды

  • 346
  • UPD: 20:37, 02.07.2018

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылында сантехник кәріз құдығында көз жұмды.

Оқиға ауылдық аурухана аумағында болған. Ол кәріз құдығының ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде құбыр жарылып кетіп, іші суға тола бастаған. Айқайлап, көмек сұрағанын естіген дәрігерлер оны құдықтан шығарып алуға қанша тырысқанымен көмектесе алмады. Қазір марқұмды құтқару үшін құдыққа түскен тағы бір сантехник пен екі медицина қызметкеріне дәрігерлік көмек көрсетіліп жатыр.

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:

- Дәрігерлердің айтуынша, үш адамның жағдайы қазір қиын. Олар екі хирург, бір сантехник. Үшінші дәрігер медициналық көмектен бас тартты. Өйткені оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ары қарай бұл оқиғаның анықталуымен құзырлы органдар айналысады.

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында балалар терезеден құлап кетті Алматы облысында соңғы он күн ішінде 500 гектарға жуық жер жанып кеткен »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы