369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда жоғалған бойжеткеннің мәйіті табылды

  • 206
  • UPD: 21:34, 21.07.2018
Қостанайда жоғалған бойжеткеннің мәйіті табылды

Қостанай облысы Затобол ауылында жоғалып кеткен Дарья Махартованың мәйіті табылды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

18 жастағы Дарья Махартова 20 шілде күні сағат 22:00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған.

«Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылының тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді ІІД баспасөз қызметі.

Дарья Махартова Мәскеудегі ЖОО-ның студенті еді. Оның анасы қостанайлықтарды еріктілер тобына қосылуларын сұраған болатын.

«Ол маған су жылытып қой, көп ұзамай келем» деген болатын. Мен алдында мүмкін жол бойы біреуді кезіктіріп қалған шығар деп аса қобалжи қойған жоқпын. Өйткені ол Мәскеуде оқитын, мұнда жақында ғана келген. Алайда түнгі сағат үштер шамасында үрейлене бастадым. Барып арыз жаздым. Иісшіл ит тек бағдаршамға дейін ғана иіс алды. Дашаның телефоны өшкен жоқ болатын. Телефон арқылы оның «West» клубына қарай кеткенін білдік. Полиция қонақүйді тексергенімен ол жерден таба алмады», - деген еді қыздың анасы Ольга Покатаева.

Осы категория бойынша: « Көкшетауда тұрғын үйдегі өрт кезінде 80-ге жуық адам эвакуацияланды Ақтауда Көңілді тапқырлар клубының бұрынғы қатысушысын пышақтап кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы