384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда 32 жастағы ер адамды балтамен ұрып өлтірген

  • 363
  • UPD: 13:02, 24.10.2018
Қостанайда 32 жастағы ер адамды балтамен ұрып өлтірген Униан

Полицейлер «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Қостанай тұрғынын балтамен ұрып өлтірген. Бұл оқиға саяжайдың бірінің маңында болған деп жазады sn.kz.

Саяжайдан 32 жастағы ер адамның денесі табылды. Оны қинап өлтірген. Полиция күдіктіні дер кезінде анықтап, қолға түсірді.

«Анық болғандай, күдікті мен жәбірленуші бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Дастархан басында бір-бірімен сөзге келіп қалады. Сол сәтте күдікті жәбірленушіні балтамен ұрған. Марқұм оқиға орнында көз жұмады», – дейді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полицейлер «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы