388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Қазақстан облысында мешіт өртенді

  • 802
  • UPD: 23:19, 10.12.2018
Солтүстік Қазақстан облысында мешіт өртенді Фото автордікі

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мамлют қаласында орналасқан аудандық мешіттің шатыры өртеніп кетті.

Бұл туралы ақпарат кезекші бөлімге сағат 17:56-да түскен. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынмен күресуге 30-ға жуық адаммен 6 бірлік техника жұмылдырылды. Сағат 20:15-те өрт толық сөндірілді. Қазір шығын көлемі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша өрт пештен шыққан.  

Авторы: Самат Қайырденұлы

Хабар 24 телеарнасы