378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында киікті заңсыз аулаған полиция капитаны ұсталды

  • 610
  • UPD: 23:56, 03.01.2019
Қарағанды облысында киікті заңсыз аулаған полиция капитаны ұсталды

Қарағанды облысында заңсыз киік аулаған полиция капитаны жауапқа тартылуда. Бұл туралы ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады.

2018 жылдың 25 желтоқсанында Қарағанды облысында табиғат қорғаушы инспекторлары Нұра ауданының аумағына рейд жүргізген. Рейд барысында «Жанбөбек» ауылынан 30 шақырым жерде сынып қалған «Тойота Ленд Крузер-100» және «Тойота Ленд Крузер-80» автокөліктері табылды.

«Аталмыш автокөліктердің ізімен инспекторлар жүре отырып, атылған 18 киіктің тұтас етін анықтады. Инспекторлар оқиға орнынан із суытып кеткен адамдарды іздестіре бастады. Шұбаркөл ауылдық округінің учаскелік полициясының ақпараты бойынша инспекторлар Ұлытау ауданының Алғабас ауылына шықты. Алғабас ауылында Ұлытау аудандық ІІБ полициясының учаскелік инспекторы Бралинов М.Ж-ның сарайынан атылған 12 киіктің тұтас еті табылды», - деді Сәкен Ділдахмет фейсбук парақшасында. 

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы