378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде заңсыз ойын бизнесінің ошағы анықталды

  • 263
  • UPD: 21:46, 09.01.2019
Ақтөбеде заңсыз ойын бизнесінің ошағы анықталды

Ақтөбелік полицейлер заңсыз ойын бизнесінің ошағын анықтады. Құмар ойын орны темір жол вокзалы маңындағы ғимараттардың бірінде мейрамхана ретінде жұмыс істеп келген.

Жүргізілген тексеру аясында ойын автоматтарының тиісті рұқсат құжатынсыз орнатылғандығы белгілі болды. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Өткен жылы өңірде 9 заңсыз ойын бизнесі анықталған болатын.

Ерболат Сарқұлов, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Теміржол вокзалы маңында жүргізілген жедел алдын алу шарасы барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен қатар тағы да басқа заңбұзушылықтар тіркелді. Мәселен 8 наурыз көшесі бойындағы үйлердің бірінде жеңгетайлықпен айналысқан азаматтар анықталды. Жалпы вокзал маңындағы жағдай әрдайым жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғаушылардың қатаң бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы