378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түлкібаста істен шыққан автобустан 47 жолаушы құтқарылды

  • 368
  • UPD: 12:36, 18.01.2019
Түлкібаста істен шыққан автобустан 47 жолаушы құтқарылды ҚР ІІМ ТЖК

Түркістан облысы Түлкібас ауданында жол ортасында тоқтап тұрған автобус жолаушылары құтқарылды, деп хабарлайды Қазақпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«18 қаңтар күні сағат 02:55-те жедел кезекшілердің басқару пультіне Түлкібас ауданы Келтемашат ауылы тұсында «Алматы-Ташкент-Термез» жолында жолаушылар автобусының тоқтап қалғаны туралы ақпарат түсті. Шымкент-Астана бағытына бет алған «Neoplan» маркалы автобусы техникалық ақаудан жол ортасында қалған, көлікте 47 жолаушы болған», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері 12 жолаушыны (1 Өзбекстан азаматы, екеуі - бала) Келтемашат ауылына эвакуациялады.

Ешқайсысы медициналық көмекті қажет еткен жоқ.

«Қалған 35 жолаушы автобуста қалуды ұйғарды. Келесі автобус жеткенше оларды Өрт сөндіру қызметінің «Урал-Вахта» машинасына жайғастырылды», - деді Н. Нұрахметов.

Хабар 24 телеарнасы