378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда бетперде киген үш адам кеңсе күзетшісін аяусыз соққыға жықты

  • 276
Алматыда бетперде киген үш адам кеңсе күзетшісін аяусыз соққыға жықты

Алматыда үш адам күзетшіні аяусыз соққыға жығып кетті.

Аталған видео бүгін Фейсбук желісінде таралды. Қанды оқиға 20 қаңтарда Абай мен Саин көшелерінің қиылысындағы Пари-Матч» букмекерлік кеңсесінде болған. Бейнекадрда мекемеге бетперде киген үшеу кірген. Үшеуінің бірі бөлменің түпкі бөліміне қарай кіріп кетсе, екеуі алаңсыз телефон көріп отырған күзетшіні дубинкамен ұра жөнелген. Видео ұзақтығы 7 минутқа созылады. Осы уақыт аралығында екі қылмыскер күзетшіні басынан, басқа да жерлерінен ұрған. Олардың қолында дубинка немесе балғаға ұқсас зат болған. Қалалық полиция аталған оқиғаға байланысты түсініктеме берді. «Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Қазір қылмысты әшкерелеуге бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр», - деді қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы