378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Делиде жалған әуе билетімен ұсталған қазақстандыққа төлқұжаты қайтарылды – ҚР СІМ

  • 172
Делиде жалған әуе билетімен ұсталған қазақстандыққа төлқұжаты қайтарылды – ҚР СІМ

Делиде жалған әуе билетін жасап ұсталған қазақстандық азаматқа айыппұл төлеген соң төлқұжаты қайтарып берілді. Бұл туралы  сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Еске сала кетейік, отандасымыз Үндістан астанасынының әуежайында ұсталған болатын. Оған әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты  10 мың рупий айыппұл салынды. Бұл шашамен 50 мың теңге.  

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Ол азамат өзінің досын шығарып салуға ғана кірген екен. Ешқандай ұшаққа кіруге тырыспаған. Әуежайдың тексеру бекетінен біріншісінен өту үшін сондай жалған әуе билетін жасап кірген екен. Қазіргі таңда жағдайы жақсы.

Хабар 24 телеарнасы