378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында биіктен құлаған 1-сынып оқушысы аман қалды

  • 227
  • UPD: 13:04, 04.03.2019
Маңғыстау облысында биіктен құлаған 1-сынып оқушысы аман қалды prizyv.tv

Маңғыстау облысында биіктен құлаған 1-сынып оқушысын дәрігерлер аман алып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға кешқұрым болған. Қарақия ауданы Аққұдық ауылының 7 жастағы тұрғыны ойнап жүріп, салынып жатқан биік үйдің екінші қабатынан құлап кеткен. Басы тасқа тиген бүлдіршіннің маңдай сүйегі сынып, миы шайқалған. Өлім аузында жатқан бала Жаңаөзен қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілді. Ақтаудан Санавиациямен шұғыл ұшып барған тәжірибелі нейрохирург алғашқы көмек көрсетіп, операция жасаған.

Азамат Сәрсенбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Қазір баланың жағдайы қалыпты. Өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Тек алдағы уақытта жарақатына құм, топырақ түсіп ластанғандықтан оның асқынуы мүмкін. Сондықтан жіті бақылауымызда болады.

Хабар 24 телеарнасы