378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талғарда улы газдан 3 адам көз жұмды

  • 276
  • UPD: 17:23, 04.03.2019
Талғарда улы газдан 3 адам көз жұмды

Алматы облысының Талғар қаласында бір отбасының үш мүшесі иіс тиіп көз жұмды. Олар 1973 жылғы әкесі, 2001 және 2005 жылы туған балалар.

ТЖД баспасөз қызметі. Мамандардың айтуынша, отбасының анасы ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Алдын ала болжам бойынша қайғылы оқиғаға қатты отынмен жылытылатын пештің ақауы себеп болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанымен Алматы облысында улы газбен улану фактілері жиілеп кетті. 2019 жылдың басынан 18 адам иіс тиіп  көз жұмған. Өткен аптаның сенбісінде Үшарал қаласында бір үйден жеті адам улы газбен уланып, олардың біреуі жан тәсілім етті. 

Хабар 24 телеарнасы