378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда аялдама павильонының әйнегін ұрлау жиілеген

  • 243
  • UPD: 11:21, 06.03.2019

Павлодарлық коммуналдық қызмет мамандары автобус аялдамаларын қалпына келтіріп әлек. Соңғы уақытта жол бойындағы павильондардың шынылары ұрлана бастаған. Бүгінде 20-ға жуық аялдаманың шынысы қолды болып, қазіргі уақытта ұрылар ізестіріліп жатыр. Мамандардың айтуынша, аялдамаларды қалпына келтіруге жыл сайын 3,5 млн теңге бөлінеді.

Павлодарлық тәртіп сақшылары оңтүстік өңірлерден тасымалданатын есірткіге тосқауыл болды. Жедел алдын алу шарасы барысында ер азаматтан бес келіге жуық марихуана табылды. Кейін үйінен есірткінің тағы 20 келіден астамы тәркіленді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Екібастұз қаласының уақытша қамау изоляторында қамауда отыр. 

Алматы облысында есірткі бизнесіне қатысты 16 дерек анықталды

Заңсыз айналымдағы заттардың ішінде гашиш, марихуана және героин болған. Арнайы шара барысында Есіл ауданының Қарабұлақ ауылынан Талдықорғанға жол тартқан азаматтан анашаның бірнеше қалташасы табылды. Оның үйінен де бір келі мариухана анықталып, тәркіленді. Бүгінде бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Павлодарда өмірімен қош айтыспақшы болған азамат құтқарылды 

Павлодарлық полиция қызметінің мамандары Ертіс өзеніне батып, өмірімен қош айтыспақшы болған азаматты құтқарды. Абырой болғанда, мамандар оқиға орнына дер кезінде жетіп, оны суға түсуге дайындалған жерінен ұстады.  Азамат жергілікті неврологиялық диспансерде есепте тұрғыны анықталды. 

Людмила Капустянская, жедел жәрдем станциясының дәрігері: 

- Жағдайы тұрақты. Ер азаматқа кәсіби психологтің көмегі қажет. Дәрігерлердің тарапынан тиісті медициналық көмек көрсетіледі.

Кентау қаласының бірнеше тұрғыны алаяқтың арбауына түсті. Күдікті азамат кентаулықтарды жұмысқа орналастырамын деп алдап, бұл қызметі үшін 100 мың теңгеге дейін сыйақы алған. Кейін ізін суытқан. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Күдікті сот алдында жауап береді. 

Досжан Нұсқабеков, Кентау қалалық полиция бөлімі басшысының орынбасары:

- Аталған М есімді күдікті азамат 15 жайтқа қатысы бар екені анықталды. Аталған М. есімді азамат өзінің кінасын толық мойындап, 15 жайт бойынша жалпы жәбіленушілерге келтіріген шығын сомасы 1,5 млн теңгені құрайды.

 Анар Сүлеева, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Облыс орталығындағы 15 аялдаманың темір қаңқасы ғана қалған. Бір павильонның бағасы  95 мың теңге екенін ескерсек, келтірілген шығынды есептеу қиын емес. Бұл шынылардың барлығы берік материалдан жасалса да, қирататындар табылып жатыр. Сондықтан, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгіндік. 

Оралда ұрлықпен пайда көрген ер адам ұсталды

35 жастағы азамат мектеп, аурухана, сауда үйлерінің ғимараттарына кіріп, қолға түскен заттарды жымқырған. Қазіргі уақытта күдіктінің 26 дерекке қатысы бары анықталып, тергеу басталды. 

Павлодарда жеңіл көлікті тізгіндеген азамат тарихи ғимаратқа соғылды. ХХ ғасырдың басында салынған нысанда шағын қонақүй орналасқан. Ғимараттың өзі қираған жоқ, ал темір тұлпарға зақым келді. Қазіргі уақытта полицейлер бұл факті бойынша тексеріс бастады. Қос тараптың бір-біріне шағымы жоқ екені белгілі. Зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы