389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары ұсталды

  • 1122
  • UPD: 18:39, 07.03.2019
ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары ұсталды

ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бекболат Төремұратов ұсталды. Бұл ақпаратты ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі ресми өкіл Нұрділдә Ораз растады.

«Шынымен де аталған қызметкерді Батыс Қазақстанның арнаулы прокуратурасы облыстық полиция департментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірге ұстады. ҚР Қылмыстық  іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес аталған сотқа дейінгі тергеу ісін жариялауға болмайды», - деді Нұрділдә Ораз.

Хабар 24 телеарнасы