379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда cаяжай отқа оранды

  • 266
  • UPD: 10:53, 25.04.2019

Павлодарда бағбаншылық шаруашылығы өрттен зардап шекті.

Қызыл жалын әп-сәтте 50-ге тарта жер телімін күлге айналдырған. Саяжайдағы шағын үйлер, жеміс ағаштары толық  жанып кетті. 8 гектар аумаққа жайылған өртті сөндіруге жеке құрамнан 20 өрт сөндіруші, 5 техника бірлігі жұмылдырылған. Құтқарушыларға сонымен қатар «Энтузиаст» бағбаншылық шаруашылығына жақын орналасқан кәсіпорын жұмысшылары   көмекке келді. Қазір арнайы комиссия өрттің шығу себептерімен келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр.

Виталий Маликов, «Энтузиаст» бағбаншылығының төрағасы:

- Өте өкінішті жағдай. Саяжайлардың түгі қалмай жанып кетті. Негізінен олар бос қалған жер телімдері болатын. Өрттің шығуына да сол себеп болса керек. Күдік туғызған бірнеше адам ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ринат Валишанов, қалалық ТЖБ басшысы:

- Қазір саяжайларда тазарту жұмыстары басталды. Тұрғындар құрғақ шөп пен қурайларды өртейді. Өрттің шығуына осы жағдайлар себеп болуы мүмкін. Кеше желдің екпіні тым қатты болды және бағыты да өзгеріп отырды. Сондықтан бірқатар қиындыққа тап болдық. Жалпы, қызыл жалын екі сағат ішінде ауыздықталды.

Хабар 24 телеарнасы