380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан әуежайының бас бухгалтері пара бергені үшін ұсталды

  • 186
  • UPD: 16:51, 24.05.2019
Нұр-Сұлтан әуежайының бас бухгалтері пара бергені үшін ұсталды

Елордалық әуежайдың бас бухгалтері пара бергені және қаражат жымқырғаны үшін ұсталды. Бұл туралы ҚР МҚІСЖҚК қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин Нұр-Сұлтандағы баспасөз-конференциясында айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

«Елордалық әуежайдың бас бухгалтері Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің лауазымды тұлғаларына 16 миллион теңге сомасындағы пара беруде және іс жүзінде жоқ шарттар мен жұмыстар бойынша жалған шот-фактураларды шығарумен айналысатын 23 фирманың есеп айырысу шоттарына аудару арқылы акционерлік қоғамның 1,3 миллиард теңгедан астам сомадағы ақша қаражатын жымқыруда күдікті деп танылуда. Залал аудиторлық тексеру тұжырымымен расталды», – деді Бердалин.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаментімен аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот санкциясы бойынша күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.Тергеу жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы