378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте көлік жүргізушісі алты баланы қағып кетті

  • 335
  • UPD: 12:59, 28.05.2019
Шымкентте көлік жүргізушісі алты баланы қағып кетті otyrar.kz

27 мамырда сағат 15:30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне қаладағы автотұрақтардың бірінде «Opel Kadett» автокөлігінің жүргізушісі кәмелет жасқа толмаған балаларды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Отырар.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция тобының қызметкерлері автокөлік жүргізушісінің 6 жасөспірім баланы қағып кеткенін анықтады. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде 1 жасөспірім қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы, 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Хабар 24 телеарнасы