383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жұмыс барысында істен шыққан аттракционнан 18 адам құтқарылды

  • 217
  • UPD: 17:41, 20.06.2019

Орал шаһарында істен шыққан аттрационнан 18 адам құтқарылды. Оқыс оқиға кеше кешкісін сағат сегізден жиырма бес кеткенде болған.

Қалалық саябақтағы шолу дөңгелегінің кенеттен тоқтап қалуына, айналдыру механизмінің темір троссты қысып тастауы себеп болыпты. Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдай мамандары 6 бала мен 12 ересек адамды төменге түсіріп алды. Дөңгелектің басында, яғни 27 метр биіктікте қалып қойғандарға «Бронтоскайлифт» техникасы мен авто саты көмекке келсе, төмендегілер үш иінді баспалдақпен түсіріліпті. Дәл қазір 1986 жылы салынған шолу дөңгелегінің жұмысы тоқтатылды. Оқыс оқиғаның жай-жапсары анықталуда. Төтенше жағдайлар мамандарының айтуынша күні бүгін өңірде ойын аттракциондарының жарамдылығын тексеретін құзіретті орган жоқ.

Нұралы Мусиев, облыстық ТЖ департаментінің бас маманы:

- Қалып қойған адамдар кішкене үрейленіп паника сезіміне бой алдырды. Бірақ біздің құтқарушылар сол кезде кәсіби даярлықтарын жақсы жағынан көрсетіп,  адамдарды сабыр сақтауға шақырып, тез арада құтқарып алды. Қазіргі таңда облыста аттракциондардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қарастырылды. Сол шешімін тапқан кезде осы аттракциондар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп бақылайтын орган бекітілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы