389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда цистерна рельстен шығып кетіп 10 тонна солярка төгілді

  • 488
  • UPD: 16:22, 02.07.2019
Қостанайда цистерна рельстен шығып кетіп 10 тонна солярка төгілді

Қостанайда цистернаның рельстен шығып кетуі салдарынан 10 тонна солярка төгілді.

Оқиға бүгін болған. Ақпарат Қостанай облыстық ТЖД Кризистік жағдайлар басқармасына түскен. «Қостанайда «Иволга Холдинг» ЖШС теміржол тұйығында екі дөңгелекті цистерна рельстен шығып кетті (аударылған жоқ). Соның салдарынан цистерна ашылып, 20 шаршы метр аумаққа дизель отыны төгілді. Шамамен 10 тонна солярка төгілді. Цистернада барлығы 54 тонна болған», - деп түсіндірді ТЖД. Ведомствода атап өткендей, басқа пойыздардың қозғалысы бұзылған жоқ. Қазір ТЖ орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Цистернаны дизель отынын құятын орынға сүйреп алып барды. Оқиғаның мән-жайын көліктік бақылау инспекциясы анықтап жатыр.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы