386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда бес қабатты үйдің шатыры жанды

  • 141
  • UPD: 18:18, 02.08.2019
Алматыда бес қабатты үйдің шатыры жанды

Тілсіз жау туралы хабар өрт сөндіру қызметіне түске таман түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар Алмалы ауданында орналасқан көп қабатты үйдің шатырынан қою түтін шығып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру көлігі 6 минутта жетті. Жедел тексеру нәтижесінде жиналып қалған битум мен шатырдың шеті жанып жатқаны анықталды. Мамандардың айтуынша, өрт жөндеу жұмыстары барысында тұтанған. Жұмыс кезінде отты қолдануда қателіктер жіберілген. Тілсіз жау 10 минутта ауыздықталды. Өрт шалған аумақ 10 шаршы метр.

Валерий Даус, қалалық ТЖД кезекшісі:

- Тілсіз жау тез арада ауыздықталды. Өртті сөндіруге 6 негізгі көлік пен екі арнайы саты қолданылды. 30 үлкен адам мен 10 шақты бала эвакуацияланды. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы