386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тағы өрт тұтанды. Бір адамның мәйіті табылды

  • 175
  • UPD: 23:43, 11.08.2019
Алматыда тағы өрт тұтанды. Бір адамның мәйіті табылды

Алматыда Көк-Төбеде болған өрттен төменірек жерде тағы бір өрт тіркелді.

Өрт алаңы 1000 шаршы метрді қамтыды. Өртті сөндіру кезінде адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Алматы ТДЖ басшысы Серік Аубакиров.

«Қазіргі уақытта Диваев көшесінің бойында бірінші болған өрттен төменірек жерде 1000 шаршы метр алаңда екінші өрт тұтанды. Өртті сөндіру кезінде бір адамның денесі табылды. Оның жынысы мен тұлғасы анықталып жатыр. Бұл екі өрттің бір-біріне байланысы жоқ. Қазіргі уақытта тілсіз жауды сөндіруге өртсөндірушілер жұмылдырылды», деді Аубакиров Facebook-те.

Айта кетейік, бүгін сағат 14:00 шамасында Алматыда Көк-Төбе телемұнарасынан 1 шақырым жерде бір гектар жер өртенді. Өртті сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылды. ІІМ ТЖК мәліметі бойынша өрт 19:58-де толығымен сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы