386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда өрт қаупі сейілмей тұр

  • 126
  • UPD: 15:21, 13.08.2019
Алматыда өрт қаупі сейілмей тұр

Бүгін таңертең Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаментіне Шымбұлақ, Медеу маңындағы тау шатқалдары өртеніп жатыр деген хабар түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лезде мамандар өрт шығу қаупі бар деген тау бөктеріне жөнелтілді. Біздің арна тілшілері де оқиға орнына жетті. «Бірақ ешқандай ауқымды өрт болған жоқ», - деп хабарлайды біздің тілшіміз Жандос Айтбай. Таулы жерлерде жаяу жүріп өту қиын болғандықтан, атты патруль және тікұшақ қауіпті аймақтарды әуеден бақылап жүр. Дегенмен, соңғы күндері аптап ыстық салдарынан қала маңындағы қураған шөптердтің өртену қаупі сейілмей тұр.

Хабар 24 телеарнасы